Сұрақтар мен жауаптар
Бұл жерде «3.2.1. Старт!» жобасына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар берілген. Егер бұл бетте сіздің сұрағыңызға жауап табылмаса, бізге хат жазыңыз: hotline@cci.com.kz
Бұл жоба не туралы?
Жауап: «3.2.1. Старт!» жобасы – 18 бен 35 жас аралығындағы колледждер мен ЖОО студенттеріне, жас мамандарға арналған жоба. Жобаның идеясы – Қазақстанның әлеуметтік дамуына өзгеріс енгізгісі келетін жастардың бастамаларына қолдау көрсету.
Өтінім беру мерзімі қашан аяқталады?
Жобаның кестесі «Қатысу шарттары» бөлімінде және біздің Instagram @321_start мен Facebook @321startkz парақшаларымызда жарияланады. Өтінімдер 01-қазан мен 31-қаңтар аралығында қабылданады.
Жобада қандай идеялар қаралады?
Идеялар БҰҰ-ың Жаһандық Тұрақты Даму Мақсаттарының (ТДМ) 5-ін орындауы тиіс:
- №4 «Сапалы білім»,
- №6 «Таза су мен санитария»,
- №7 «Арзан және таза энергия»,
- №12 «Жауапты тұтыну мен өндіріс»,
- №13 «Климаттың өзгеруімен күрес».
Идеялар мен жобаларды таңдау критерийлері?
- Жоба елдегі өмірді жақсартуға елеулі әсер етуі тиіс
- Жоба әлеуметтік проблемаларды түзетуді көздеуі тиіс
- Жоба келешекте, осы бағдарлама аяқталғаннан кейін де тұрақты жұмыс істейтін болуы тиіс
- Жобаның репликациясы – жобаны жаңа маусым мүшелері оңай қайталап, оны жүзеге асыра алуы тиіс.
- Жоба командасы құрамына 2 не одан көп адам кіріп, олар жобаны жүзеге асыру үшін үздіксіз оқудан өтуі тиіс
- Жүзеге асырылып жатқан жобалар артықшылыққа ие болады