Шарттар

Сайысқа қатысу үшін жоба көрсетілген 5 ТДМ-ың бірін жүзеге асыруға көмектесуі тиіс.

Круг целей устойчивого развития

Жоба идеяларытөменде көрсетілген БҰҰ-ың 5 Жаһандық Тұрақты Даму Мақсаттарының (ТДМ) біріне қол жеткізуге үлес қосуы тиіс:

  • №4 «Сапалы білім»
  • №6 «Таза су мен санитария»
  • №7 «Арзан және таза энергия»
  • №12 «Жауапты тұтыныс пен өндіріс»
  • №13 «Климаттың өзгеруімен күрес»

Ең үздік идеялардың авторлары Bootcamp атты бірегей акселерация бағдарламасына қатысып, интенсивті білім курсы мен инкубация бағдарламасы аясында жеке жобаларын сәтті бастап, келешек мансабын табысты дамыту үшін қажетті дағдыларға ие болады. Оқудан бөлек жас белсенділер өз жобаларын жетекші менторлар мен сарапшылар көмегімен «жетілдіру» мүмкіндігін алады. Сайыс жеңімпаздарын ССІ Қазақстан компаниясы өз идеяларын жүзеге асыруға арналған гранттармен марапаттайды.