Мінекей, біздің комиссиямыз аса күрделі, бірақ өте қажет шешім қабылдаған күн де келіп жетті. Біз конкурсымыздың нәтижелерін жариялауға дайынбыз.
Осы орайда, бұл таңдаудың қаншалықты оңайға түспегенін атап өту қажет. Себебі, барлық қатысушылар да, олардың жұмыстары да біздің көңілімізден шықты. Дегенмен, сайыстың аты сайыс. Сондықтан да, біз үш жеңімпазды жариялаймыз.
Олардың есімдері:
- Куаныш Маден
- Дектерева Алина
- Динмухамед Кумаргазин
Қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, бұл жетістік олардың алдағы ұзақ та қызыққа, жеңістер мен жетістіктерге толы жолдарының тек бастамасы болғай деп тілейік.
Сонымен қатар, біз әділқазылар алқасына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Оларды таныстыра кетсек:
- Ұлттық Палатаның Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновация комитетінің төрағасы – Мурат Абенов.
- «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ төрағасы – Сундетбаев Данияр.
- «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Утешев Нурлан.
- CCI Kazakhstan компаниясының Корпоративтік және мемлекеттік қатынастар бөлімінің директоры – Исембаева Алима.
- Теле жүргізуші – Асхат Садырбай.
- «7 канал» арнасының өкілі – Мариям Думан.
- Орта Азияның Еуразия Қорының жоба менеджері – Бачище Андрей.
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты еңбекпен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті Нарықты дамыту басқармасының жетекшісі – Ескараева Акмарал.
- Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры – Оспанкулов Габидолла.
- ҚР Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі, Нұр Отан фракциясының мүшесі – Шиповских Геннадий.
Құрметті әділқазылар, біздің бірлескен жұмысымыз жемісті, үйлесімді және сәтті өтті. Келесі жобаларда да сіздермен серіктесеміз деген үміттеміз.
Ендігі кезекте не болмақ, достар?
Ендігі кезекте қызықты оқиғалар көп болмақ. Себебі, алдағы уақытта әр жеңімпаз өзіне жобаны жүзеге асыру үшін берілетін 1 000 000 теңгелік грантты іске асыруын бастайды!
Бізбен бірге болыңыздар, достар.