Біздің жобамыз өсуде және өзгеруде, сондықтан да біз оны ребрендингтегіміз келеді. Біз 321Start жобасының креативтілігін дамыту үшін байқау жариялаймыз.

Біздің қалауымыз – әлеуметтік желілерде визуализациялауға және позициялауға, корпоративтік іскерлік құжаттамаларда (хаттар, конверттер, визиткалар және т.б.), веб-сайтта, басылымдарында (каталогтар, буклеттер, плакаттар, т.б.) және түрлі сувенирлік бұйымдарда (сөмкелер, қаламдар, дәптерлер, пакеттер, футболкалар, бейсболкалар, т.б.) пайдалануға арналған заманауи, бірегей, оңай танылатын логотип және жоба концептін құрастыру.

Қатысуға шақырылатындар: дизайн саласындағы фрилансерлер, өнер білім ордаларының студенттері мен түлектері, дизайн студиялары мен креативтік бюролар; сәні мен стилі бар, заманауи технологиялар мен көрнекі коммуникация құралдарымен таныс жас және талантты дизайнерлер.

Байқауға қатысу үшін не қажет:

Логотип пен оның концепциясын (сипаттамасын, позициялануын), визуализациясын (постта қолдану үлгілерін) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. поштамызға жіберіңіз. Портфолиоңызды немесе жұмыстарыңызға сілтемелерді қоса жіберіңіз. Байқауға бір автордан ең көбі 3 белгі/логотип және фирмалық стиль элементтері қабылданады.

Байқау жеңімпазы бренд-бук әзірлейтін қызмет көрсетуші ретінде тартылады және оның Instagram-да сол парақшаны жүргізу мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ, ең үздік үш жұмыс ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Өтініштер 2022 жылдың ақпан айының соңына дейін қабылданады.

321Start! жобасын креативтеу байқауына (бұдан әрі – Байқау) қатыса отырып кез-келген Қатысушы ұйымдастырушыларға (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) Байқау аясында өзі жасаған және ұсынған барлық материалдарға (соның ішінде, мәтіндерге, суреттерге, эскиздерге, графикалық кескіндерге, анимациялық файлдарға, бейне файлдарға немесе олардың композицияларына) зияткерлік меншік объектілері ретінде айрықша авторлық және мүліктік құқықтары бар екенін растайды.

Байқауға қатысуға байланысты барлық шарттарға (соның ішінде құқықтық ескертпелерге) сілтеме: https://321start.kz/kk/about/news/321start-zh-b-syn-re-tivteu-b-jk-uy

Егер сізде сұрақтарыңыз немесе түсініктемелеріңіз болса, бізге direct-ке жазыңыз.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕСКЕРТПЕЛЕР

Зияткерлік меншік немесе авторлық құқықтар:

321Start! жобасын креативтеу байқауына (бұдан әрі – Байқау) қатыса отырып кез-келген Қатысушы «Кока Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС-на (бұдан әрі – Компания) Байқау аясында өзі жасаған және ұсынған барлық материалдарға (соның ішінде, мәтіндерге, суреттерге, эскиздерге, графикалық кескіндерге, анимациялық файлдарға, бейне файлдарға немесе олардың композицияларына) зияткерлік меншік объектілері ретінде айрықша авторлық және мүліктік құқықтары бар екенін растайды.

Кез-келген үшінші тұлға Компанияға авторлық немесе өзге де сыйақыны төлеу туралы немесе Қатысушы конкурсқа қатысу үшін ұсынған жоғарыда аталған материалдарды пайдалануға байланысты келтірілген зиянды немесе залалды өтеу туралы талап қойған жағдайда немесе мұндай төлем/өтеу міндеттемесі Компанияға жүктелсе, Қатысушы Компанияны кез-келген сыйақыны төлеу және үшінші тұлғаларға келтірілген зиян мен залалдарды өтеу жөніндегі міндеттемеден дереу босатуға және сол міндеттемені өз мойынына алуға міндеттенеді. Төлеу және/немесе өтеу туралы талапты Компания мәжбүрлі немесе ерікті түрде орындап қойған болса, Қатысушы Компанияның талабы бойынша сыйақыны (өтемақыны) төлеуге байланысты шеккен барлық шығындарын дереу өтеуге міндеттенеді.

The Coca-Cola Company (ТССС) сауда белгілері:

ТССС ұғымы бірлесе немесе жекелей “The Coca-Cola Company”, "Schweppes Holdings Limited" және Компанияға ТCCC сауда белгілерін пайдалану құқығын берген барлық басқа ТCCC сауда белгісі иелерін білдіреді. TCCC сауда белгілеріне басқалармен бірге мыналар жатады: Coca-Cola, Coca-Cola light, Coca-Cola Zero sugar, Coke, Coke Zero sugar, Fanta, Sprite, BonAqua, Piko, Мальчик Piko, Piko mini, Schweppes, Burn, FUSE-tea, пішінді бөтелке (барлық түрдегі), сондай-ақ Компанияның өнімін өндіру және/немесе тарату кезінде пайдаланатын барлық басқа сауда белгілері.

Байқауға қатысу Қатысушыға TCCC және Компания атауын, логотипін, сауда белгілерін және басқа зияткерлік меншік құқығы объектілерін маркетингтік немесе жарнамалық мақсаттарда және Байқауға қатысы жоқ және оның аясынан тыс кез-келген басқа мақсаттарда пайдалануға немесе атап өтуге (Компанияның алдын ала жазбаша рұқсатынсыз) құқық бермейді.

Дербес деректер:

Байқауға қатысу үшін қажетті материалдарды жасауға қатысатын кез-келген жеке тұлғалардың/орындаушылардың жеке деректері көрсетілген кез-келген ақпаратты Компанияға тапсырғанға дейін Қатысушы тиісті түрде әрбір осындай тұлғадан немесе орындаушыдан дербес деректерін жинауға, өңдеу, сақтауға, беруге (соның ішінде шекара асырып, автоматтандыру құралдарын, ақпараттық ресурстарды, ақпараттық дерекқорларды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді, аппараттық және бағдарламалық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, компьютерлерді, көшіру жабдықтары мен басқа да техникалық құралдарды қолдану арқылы) жазбаша келісімін алады да Компанияға сұрауы бойынша жоғарыда аталған келісімнің түпнұсқасын бірден тапсырады.