CCI Kazakhstan компаниясы «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатымен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және де «Орталық Азияның Еуразия қоры» (ОАЕҚ) қоғамдық ұйымымен бірге нақты әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу мен республиканың түрлі өңірлеріндегі туризмді дамыту жолындағы жастардың бастамаларын анықтап, қолдауға бағытталған кең ауқымды «3.2.1. Старт!» жобасын қолға алмақшы.
Жобаның басты мақсаты – өңірлердегі аса өзекті мәселелерді анықтап, олардың шешімін табуға тырысумен қатар, жастарды кәсіпкерлік, әлеуметтік жобалау мен жоспарлау негіздеріне үйрету. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында көрсетілгендей, жастардың әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерге толыққанды қатысуы мемлекеттің, азаматтық қоғам институттары мен бизнес-қоғамдастықтардың өзара әрекеттестігі негізінде қамтамасыз етіледі. Сол себепті біздің компания жастар ұйымы, мемлекеттік секторлар мен бизнес өкілдерін біріктірген жобаны жүзеге асыруға өз ынтасын білдірді. Олар тек білікті жюри рөлін ғана емес, сонымен қатар жетекші рөлін де бірге алып жүреді», – деп атап өтті CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік және мемлекеттік қатынастар бөлімінің директоры Алима Исембаева.
«3.2.1. Старт!» жобасының шеңберінде 17 мен 22 жас аралығындағы жастарға (колледж, ЖОО студенттері, жас мамандар) кәсіпкерлік қызмет арқылы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру тәжірибесінде нақтылы көмек көрсетіледі. Өз өңіріндегі мәселені шешуге ат салысуға ынталы белсенді азаматтық өмір салтын ұстанатын кез-келген жас адам жоба сайтына (www.321.the-steppe.com) өтінім жіберу арқылы жоба қатысушысы атана алады. Өтінімдер 2017 жылдың 16 наурызынан бастап 17 сәуірге дейін қабылданатын болады.
Жобаның екінші кезеңінде Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП-нің және CCI Kazakhstan компаниясының өкілдерінен тұратын комиссия конкурсты жалғастыратын 10 өтінімді іріктеп алады. Бұл кезең ағымдағы жылдың 24 сәуіріне дейін жалғасады.
«Әрине, іріктеу кезінде мәселенің маңыздылығы және қажеттілігі секілді критерийлерге және де мәселені шешуге ұсынылған шынайы мүмкіндікке сәйенетін боламыз. Яғни, идея қанша жақсы болғанымен, оны шешуде жұмыс істейтін механизмі ұсынылмайтын болса, жоба мақұлдаудан өтпейді. Осылайша, еліміздің түрлі салаларын жақсартуға зор үлес қосқымыз келеді. Бұл ретте идея туындаған сәттен оның жүзеге асырылуына дейін көлденең сызық сыза отырып, бастамашыл жастарды стратегиялық ойлауға үйрету де маңызды», – деп нақтылады ОАЕҚ атқарушы директоры Ринад Темірбеков.
Сәуір айының соңынан бастап 30 мамырға дейін жартылай финалистерге презентация, проджект-менеджмент, бизнес-жоспар құру және т.б. шеберліктерді үйретуге арналған бірнеше вебинарлар өткізіледі. Сонан соң, 2017 жылың 30 мамырында конкурсқа қатысушылар өз жобаларын кеңінен таныстыру үшін шақыртылатын болады. Осы турдың қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз анықталады және оларға жобаны жүзеге асыру үшін 1 миллион теңге дейінгі мөлшерде грант бөлінетін болады. Осы қаражатқа қажетті инвентарь мен жабдықтар сатылып алынатын болады. «Орталық Азияның Еуразия қоры» үйлестіру жұмыстарын жүргізетінін және оның өкілдері үш жеңімпаз жобаны басынан бастап соңғы есепке дейін сүйемелдеуді қамтамасыз ететінін атай кету керек. 2017 жылдың қараша айында қорытынды презентация өткізіліп, жобаның бірінші нақты нәтижелері көпшілікке таныстырылатын болады.
Ұйымдастырушылар «3.2.1. Старт!» жобасын жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның ластануы, су және өзге де табиғи қорларды мақсатсыз пайдалану, экожүйенің бұзылуы, шаруашылықты қараусыз жүргізу және сол сияқты көптеген мәселелерді шешуге жастардың қызығушылығына артатынына сенім білдіреді. Болашақта жоба әлеуметтік саладағы адами, ақпараттық, интеллектуалдық, материалдық және басқа да ресурстарды көбейтуге, лайықты мамандарды дайындауға және инновацияларды ендіруге бағытталады деп күтілуде.
Толығырақ ақпарат алу үшін мына байланыс ақпараты бойынша хабарласыңыз:
Андрей Бачище
тел.: +7 777 221 0791