Сіз әлемді өзгерткіңіз келсе, бірақ бір адам үшін бұл тым ауыр жұмыс болса, не істеу керек? Дұрыс, бірігу керек!

Саналы тұтыну бір қадам жақынырақ бола түсті – енді біз, яғни CCI Kazakhstan, Satbayev University және «Жасыл экономика үшін» коалициясы бірлесе жастар арасында экологияны ойлау үрдісін дәріптеп, пластикті қайта өңдеу жобаларын дамытудамыз. Бұл университеттің студенттері тамаша нәтиже көрсетіп үлгерді – 7,7 тонна пластик жинап, «3.2.1. Старт!» жобасының 8-ші маусымында жеңіске жетті. Жүлде ретінде университет қайта өңдеу жабдығына ие болды. Ол бөтелке қақпақтарын қайта қолданып, олардан Қазақстан картасы түріндегі салпыншақ жасауға мүмкіндік береді.

 

Бұл меморандум жай ғана формалдылық емес. Үшжақты ынтымақтастық туралы келісім нақты қадамдарды білдіреді, атап айтқанда:

  • Студенттер үшін оқу бағдарламалары мен семинарлар өткізу;
  • Пластмассаны қайта өңдеудің жаңа мүмкіндіктерін құру;
  • Экологиялық бастамаларға жастарды көбірек тарту.

Салтанатты шарадан кейін қатысушылар экологияның маңыздылығын талқылап қана қоймай, пластиктің жаңа өнімге айналу жолын іс жүзінде көрді. Осының бәрі 2024 жылы 20 тонна пластикті қайта өңдеген Rocket Plastic командасының шеберлік сабағының арқасында мүмкін болды!

Мұнымен жұмыс сарқылар емес! Университеттер, бизнес және қоғамдық ұйымдар біріккен кезде нағыз өзгерістер басталады. Бұл меморандум бәрімізді таза әрі саналы Қазақстанға тағы бір қадам жақынырақ ететіні сөзсіз. Кішкентай қадамдар үлкен болашаққа апарады, ал біз алға ұмтылуға дайынбыз!