Жұмысыңның нақты нәтижелерін өз көзіңмен көргенге не жетсін? Сол нәтиженің жоғары деңгейде танылғаны ғана шығар, сірә. Біздің қуанышты жаңалығымыз бар: CCI Kazakhstan елдегі Еуропалық бизнес қауымдастықтың (EUROBAK) «Экологиялық бастамалар» номинациясы бойынша марапатына ие болды! Бұл марапат жай ғана сөредегі мүсінше немесе шаң басқан сертификат емес. Ол қалдықтарды бөлек жинау, студенттерді жұмылдыру және жастармен жұмыс істеу жай ғана идея емес, өлшемелі нәтиже беретін және экологиялық таза болашаққа апаратын нақты қадамдар екенін растайды. Сондықтан да, «3.2.1. Старт!» жобасының 2021 жылдан бергі мақсаты өзгермей келеді – жастар арасында экологиялық сананы дамытуды жалғастыру және бұдан да үлкен жетістіктерге ұмтылу!
Осы орайда жоба барысында біздің қатарымыз елеулі кеңейгенін еске саламыз:
- Елдің 20 университеті
- 125 000 студент
Сонымен қатар, «3.2.1. Старт!» жобасы басталғалы бері 17 тоннадан астам пластик жиналды. Елестетіп көріңізші: егер осы пластиктің бәрі қайта өңделмеген болса, ол көшелерге, өзендерге және ормандарға шашылып кетуі мүмкін еді. Ал қазір оған екінші мүмкіндік беріліп, ол жаңа бұйымға айналды.
EUROBAK-тың марапаты маңызды қадам болып табылады. Ол жұрттың экологиялық бастамаларды елейтінін, қолдайтынын, құнды деп санайтынын көрсетеді. Ал бізді ол бұдан да көп жақсылық жасауға ынталандырады.
Алдағы жоспар – жобаны кеңейту, жаңа университеттерді, жаңа серіктестерді және одан да көп саналы студенттерді жұмылдыру, себебі экология абстрактілі идея емес, ол – бәрімізге қатысты құбылыс.
Біз бұл марапатты мақтан тұтамыз, бірақ ең бастысы, біз жасыл болашақты таңдаған әрбір студентті мақтан тұтамыз. 17 тонна – тек бастама ғана.