«3.2.1. Старт!» жобасы экологиялық білім беру, пластикті дұрыс сұрыптау және қайта өңдеу саласындағы жастардың бастамаларын қолдау жөніндегі миссиясын жалғастырды. 2024 жыл бірқатар маңызды жетістіктермен жобаның дамуындағы маңызды кезең болды:
Пластик жинау инфрақұрылымының дамуы
Small супермаркеттер желісімен бірге пластик қалдықтарды жинау науқаны жалғасын тапты. Осы бастаманың аясында қайта өңделген материалдардан жасалған арнайы қораптар орнатылды. Бұл – жабық циклді қайта өңдеу қағидаттарына деген адалдықтың көрінісі.
Инновациялық жабдықтар
Rocket Plastic қолдауымен бірегей Велошредер жабдығы жасалды. Ол пластмасса қалдықтарын жұртшылық алдында өңдеп, халыққа қайта өңдеу процесі туралы пайдалы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Университеттермен ынтымақтастық
2024 жылы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары Satbayev University (КазҰИТУ) және KazNARU-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл серіктестік жастардың экологиялық санасын дамытуға және студенттерді қалдықтарды қайта өңдеу жобаларына белсенді жұмылдыруға бағытталған.
Жобаның 8-маусымы
"3.2.1. Старт!" жобасының 8-маусымы 10 университеттің қатысуымен аяқталды. Маусымның жеңімпазы ретінде Satbayev University атанды. Маусым барысында қатысушылар 17 тонна пластик жинады. Бұл – қоршаған ортаны қорғауға қосылған қомақты үлес.
Жобаның кеңеюі және 9-маусымның басталуы
2024 жыл өсу жылы болды – жобаның 9-шы маусымы басталды. Қазір оған 14 университет пен 100 000-нан астам студент қатысады. Бұл жобаны Қазақстандағы ең ірі экологиялық жастар бастамаларының біріне айналдырады.
Байзақов көшесіндегі экостанция
Байзақов көшесінде ашылған экостанция алғашқы туған күнін атап өтті. Бір жыл ішінде 11 105,5 кг пластик жиналды. Бұл көлем мұндай бастамалардың қажеттілігі мен тиімділігін көрсетеді.
World Cleanup Day шарасына қатысу
Дүниежүзілік тазалық күні аясында Алматы, Астана, Шымкент және Ақтау қалаларында күзгі сенбілік өтіп, оның барысында 234,8 кг пластик жиналды. Сонымен қатар, Қызылорда, Павлодар, Петропавл және Тараз қалаларында дәл осындай іс-шаралар өткізіліп, 303 кг пластик жиналды.
Бір жыл ішіндегі нәтиже
2024 жылы жоба аясында шамамен 644 049,3 кг РЕТ пластик жиналды! Бұл нәтиже жастарды жұмылдыру және бизнеспен серіктестік қомақты экологиялық өзгерістер әкеле алатынын көрсетеді.
Алғыс пен жүлделер
Жоба Қазақстандағы Еуропалық бизнес-қауымдастықтың (EUROBAK) «Экологиялық бастамалар» номинациясын жеңіп алды. Бұл – жобаның тұрақты дамуға қосқан үлесінің жоғары бағаланатынының дәлелі.
Recycle БІРГЕ бастамасын қолдау
Recycle БІРГЕ бастамасы аясында велошредер орнатылды. Бұл – пластикті қайта өңдеу тізбегіндегі тағы бір маңызды буын.
2024 жыл «3.2.1. Старт!» жобасы үшін елеулі жыл болды. Қатысушылар санының артуы, инфрақұрылымның кеңеюі, серіктестіктің дамыуы және кең ауқымда пластиктің жиналуы – мұның бәрі жастардың қоршаған ортаны қорғау бастамалары нақты өзгерістерге әкеле алатынын көрсетеді.
2025 жылы біз қоршаған ортаны қорғауға және саналы тұтыну мәдениетін дамытуға үлес қосуды жалғастырамыз. Жылдан жылға пластиктің әрбір килограммымен біз әлемді экологиялық тұрғыдан тазарақ етудеміз!