Жыл сайын 20-қыркүйекте әлемде миллиондаған адамдар Дүниежүзілік тазалық күніне орай бірігеді. Планетамызды таза ету мақсатында CCI Kazakhstan, «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» және «Тұрақты дамуға жәрдемдесу орталығы» ҚҚ Астана, Шымкент, Алматы және Ақтау қалалары әкімдіктерінің қолдауымен өз күштерін біріктіріп, 21 және 28 қыркүйекте бір тоннадан астам қоқыс жиналған сенбілік өткізді. Экологияны тазартуға компания мен зауыт қызметкерлері, серіктестер, жетекші оқу орындары мен қоғамдық ұйымдар өз үлестерін қосты, мысалы, Алматы Менеджмент Университеті, Қазақ-Британ Техникалық Университеті, Нархоз Университеті, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗМЗУ, Есіл Университеті, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий Технологиялар және Инжиниринг Университеті, Ақтау НЗМ, PlastNet желісі, «Taza.Likee» жасыл мектебі және қалалардың қамқор тұрғындары.

Алматыдағы Баум тоғайында эко-науқан қатысушылары 182 кг қоқыс жинап, оның 13,1 кг қайта өңдеуге жіберді. Ал Шымкент қаласындағы Бір көлік шатқалында қатысушылар Алматыдан асып түсті: 210 кг қалдық жаинап, оның 35 кг жаңа өмір тапты.

«Тазалық бірлікте – Бакуден Ақтауға эстафета»: осындай ұранмен Ақтау қаласындағы жағалау амфитеатрында эко-шара өтті. Каспий жағалауын тазарту бастамасын Әзірбайжан қолдады. Ақтау қаласында қатысушылар 270 кг қалдық жинап, оның 36,7 кг қайта өңдеуге жіберілді. 

Көшбасшы абыройын елордамыз Астана иеленді: Сарқырама өзені жағасында 780 кг қалдық жиналып, оның 150 кг қайта өңдеуге бағытталды.

Барлық қатысушылардың жемісті ынтымақтастығы арқасында қазір жер бетінде қалдық көлемі 1442 келіге азайды. 234,8 кг қалдыққа екінші мүмкіндік берілді: қайта өңдеу технологиясы оларды жаңа өндіріс үшін шикізатқа айналдырады.

Дүниежүзілік тазалық күнінің тамыры 2008 жылдан бастау алады. Сол кезде Эстонияда 50 000 адам көшеге шығып, бар болғаны 5 сағат ішінде бүкіл елді тазалап шықты. Сол шара бүкіл әлемді шабыттандырып, бүгінде науқан 190 астам елді, соның ішінде Қазақстанды қамтиды. Қоршаған ортаны қорғау – бұл таңдау емес, болашақ ұрпаққа қалатын келешек үшін жауапкершілік. Сондықтан, бізге қосылыңыз, әлімді бірге көркейтейік!