«3.2.1.Старт!» экологиялық жобасы аясында Қазақстан университеттерінде қалдықтарды бөлек жинауға арналған 810 контейнер орнатылды. Студенттер бұл бастамаға белсене араласты: олар пластикалық қалдықтарды жинап, оларды ай сайын қайта өңдеуге жіберіп, нәтижелерін тіркеп отырды.

 

«Жасыл экономика» және G-Global даму коалициясының қолдауымен өткен Coca-Cola Icecek Kazakhstan (CCI Kazakhstan) компаниясының «3.2.1.Старт!» экологиялық жобасының тоғызыншы маусымы соңына жақындап келеді. Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын кеңейту болды. Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бағдарлама әсерлі нәтижелер көрсетуде. Осы маусымда 6 тоннадан астам пластик жиналды.

Биыл қатысушылар саны артты – еліміздің түрлі қалаларындағы 14 қазақстандық университеттің кампустары сұрыптап жинау жүйесін белсенді енгізіп, тұрақты даму қағидаттары туралы хабар беретін экологиялық форумдар, вебинарлар мен студенттік жобалар ұйымдастырды.

«Осындай жобалар арқылы экологиялық жауапты азаматтардың жаңа буыны құрылады. Біз бұған кәміл сенеміз. Университеттермен, студенттермен және серіктестермен бірге біз әлемді тазарақ етеміз. Осы маңызды істе бізбен бірге болғаныңыз үшін рахмет!» - деді «Жасыл экономика» және G-Global даму коалициясының бас менеджері Асыл Окапов.

Жоба аясында университеттер арасында пластикты қайта өңдеу бойынша үздік идеяға конкурс жарияланды. Өткен маусымның ең белсенді қатысушылары Satbayev University мен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері болды. Жеңімпаз ЖОО пластикалық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған құрал-жабдық иеленді. Сондай-ақ, оның студенттері циклды экономика қағидаттарын оқитын болады. Ал Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ пластикті ұсақтауға арналған шредер алды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар мен ЖОО осы бастаманы жалғастыру ниетін растай отырып, одан арғы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Жауапты бизнес ретінде біз үшін маңыздысы – пластикті жинап, қайта өңдеу ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму саласында ұзақ мерзімді шешімдер табу. Біз сұрыптап жинау инфрақұрылымына инвестиция салып, экологиялық бастамаларды қолдап, студенттердің осы процеске қаншалықты белсенді араласатынын көріп отырмыз. Экологиялық сана-сезімнің қалыптасуы болашақ ұрпақтың ресурстар мен қоршаған ортаға қамқормен қарайтынының кепілі болып табылады», деп атап өтті «CCI Қазақстанның» корпоративтік байланыстар және тұрақты даму жөніндегі директоры Алима Исембаева.

CCI Қазақстан ел қалаларында қалдықтарды жинау инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салуды, қайта өңдеушілермен және табиғатты қорғау ұйымдарымен ынтымақтасуды жалғастыруда. Компания 2030 жылға қарай нарыққа шығарылған ораманың 100% эквивалентін жинауды жоспарлап отыр. Жауапты бизнесті дамытуға қосқан белсенді үлесі мен экологиялық бастамаларды іске асырғаны үшін компания елдегі әлеуметтік жауапты кәсіпорындардың бірі ретінде «Парыз» мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

«3.2.1.Старт!» жобасы қалдықтарды жинау бастамасы ғана емес. Ол – жастар арасында экологиялық сана-сезімді қалыптастыратын қозғалыс. Студенттердің, ЖОО мен кәсiпорындардың бiрлескен күш-жiгерi Қазақстанға қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеу нормаға айналатын анағұрлым тұрақты болашаққа бағытталуға көмектеседi.