22 наурыз – Бүкіләлемдік су күні, бұл күн суға ұқыпты қараудың маңыздылығын айқындайды. Су тапшылығы негізгі экологиялық проблемалардың біріне айналған заманда осы құнды ресурсты ұтымды пайдалану міндет қана емес, қажеттілік болып отыр. Сондықтан да, CCI Қазақстан әлеуметтік жауапты компания ретінде су бейтараптығына қол жеткізіп, өзі жұмыс істейтін өңірлерде су ресурстарын басқаруды белсенді жетілдіріп келеді.

 

Қазақстан Азиядағы су тапшылығы бойынша 8-ші орында тұр. Яғни, климаттың өзгеруі аясында мұндағы су ресурстарын тиімді басқару орасан зор қажеттілік болып табылады. Сондықтан да, осы стратегиялық проблемаларды шешуде CCI Қазақстан сияқты iрi компаниялар маңызды рөл атқарады.

Әлім бойынша Coca-Cola Icecek (CCI) зауыттарының 76% су тапшы өңірлерде орналасқандықтан компания қоршаған ортаны қорғау үшін де, өз қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін де суды тиімді жаратуға баса назар аударады. Сонымен қатар, «Coca-Cola» су қауіпсіздігі стратегиясы, Дүниежүзілік ресурстар ғылыми-зерттеу институтының су тапшылығына берген бағасы және тиісті елдердегі жеткізу тізбегі мен корпоративтік істер бөлімдерінің ақпараты негізінде компания суға тапшы 15 ауданды үш топқа бөліп, арнайы жол картасын жасады. CCI өз жұмысында «суды кәріз жүйесіне ағызбай, оны толықтай регенерациялау» көзқарасын ұстанады. Ол үшін компания өзі жұмыс істейтін барлық елдерде сарқынды суларды тазарту мен ағызуды реттейтiн барлық жергiлiктi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Компания келесі мақсаттарға жетуге міндеттенеді:

1. 2030 жылға дейін суды пайдалану тиімділігін 20%-ға арттыру.

2. Қоғамдық жобалар арқылы судың бейтараптығына қол жеткізу және су тапшылығы бар өңірлерде судың қол жетімдігін қамтамасыз ету.

2010 жылдан бастап Қазақстанда фермерлер мен мал шаруашылықтарының экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған су үнемдеу жобалары іске асырылуда. 2023 жылдың мамырынан 2024 жылдың наурызына дейінгі кезеңде The Coca-Cola Foundation қорының қаржылай қолдауымен Есіл өзені бассейнінің Арнасай және Степногорск аудандарында тозған жерлерді қалпына келтіруге және ауыл шаруашылығы қоғамдастығын қолдауға бағытталған Орталық Азия өңірлік

экологиялық орталығының (ОАӨЭО) экологиялық бастамасы іске асырылды. Жоба бюджеті 100 000 АҚШ долларын құрап, оның аясында ландшафт пен суайрықтары қалпына келтірілді, жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың (SLM) әдістері кең ауқымда енгізілді, фермерлер оқытудан өтіп, өңірдің экономикалық дамуына инвестициялар тартылды.

Осылайша, бастама қоршаған орта мен жергілікті экономикаға оң әсерін тигізетін экологиялық жауапты егіншілік тәжірибесін қолдау арқылы жерді қалпына келтіру және ауылдық елді мекендердің тыныс-тіршілігін жақсартуға қатысты тұрақты шешімдер жасауға бағытталды.

«Қазақстандағы Есіл өзені бассейніндегі суайрықтарды кешенді басқару» жобасын осы аудандарда тұратын 12 мыңнан астам адамға тікелей пайда әкеліп, тағы 53 мың адамға жанама оң әсерін тигізді.

2024 жылдың маусым айында ынтымақтастық жалғасын тапты – CCI Kazakhstan, Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығы (ОАӨЭО) және «Ирригатор Қазақстан» ЖШС арасында өңірдің ауыл шаруашылығы жерлерінде тамшылатып суару негізінде су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған келісімге қол қойылды. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Целиноград ауданында орналасқан «Нива» шаруа қожалығының тәжірибелік шаруа алаңдарында су тұтынысы дәстүрлі суару әдістерімен салыстырғанда алты есе азайды.

Тамшылап суару 2 га және 3 га болатын екі учаскеде енгізілді. Бұл су, тыңайтқыш және еңбек шығындарын едәуір төмендетіп, топырақтың эрозияға ұшырауына жол бермеуге және ауыл шаруашылығы дақылдарының құрғақшылыққа төзімділігін арттыруға мүмкіндік берді. 2024 жылғы маусымда бұл аудандарда 3295 м² су жұмсалды, яғни бар болғаны 659 м²/га. Салыстыратын болсақ, дәстүрлі арықтарымен суару кезінде осындай учаскеде судың орташа шығыны бір маусымда 3900 м²/га асар еді. Сәтті нәтижелерге көрші шаруашылықтар назарын аударып, биылғы маусымда олар да осы технологияны енгізуді жоспарлап отыр.

Компания болашақ ұрпақ үшін су ресурстарын сақтауға үлес қосу үшін ағымдағы және тыс жобалар аясында өзінің тұрақтылық мақсаттарына қол жеткізу бағытында жұмысын жалғастыра бермек. Компанияның Қазақстан су ресурстарын қалпына келтіруге жұмсаған 1 млн АҚШ долларынан астам инвестициясы арқасында соңғы 10 жылда 10 миллиард литрден астам су сақталды. Coca-Cola Icecek су және энергияны пайдалану тиімділігін арттыру арқылы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін белсенді жұмыс жүргізіп, Орталық Азияда экологиялық тепе-теңдік пен әлеуметтік әл-ауқатты сақтауда басты рөлді орындауын жалғастырады.